«Мұқағали -поэзия патшасы» » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мұқағали -поэзия патшасы»
09
февраль
2023

«Мұқағали -поэзия патшасы»

Байзерек негізгі орта мектебінде қоғамдық -гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали -поэзия патшасы» атты әдеби кеш қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі А.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен  өтті.Әдеби кеш үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім, Мұқағалидың өмір тарихы, шығармалары  туралы «Миллион кімге бұйырады?»  атты интеллектуалдық ойын түрінде өткізілді.   Ойынға 7-9 сынып оқушылары қатысты.  Қатысушыларды «Kahoot!» платформасы арқылы іріктеп, ал ойын «learningapps.org» түрінде өткізілді. Ойынды жас маман М.Рамазанов жүргізді. Ойында  Сухамбай А. 250 000тг деңгейіне, Әубакір Д. 5000тг. деңгейіне,  Айдынқызы Г. 1 000 000тг. деңгейіне жетті.Әдеби кештің екінші бөлімінде  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан  театрланған  қойылым көрсетілді. Қойылымға қатысушылар: Анасы – Ахметханова Ж., әкесі – Абузяров Т., бақсы – Есімбек С., жылқышы -Аубәкір Д., аққулар- Айдынқызы А., Айдынқызы Г. Сухамбай А..Әдеби кештің үшінші бөлімі - Мұқағалидың  өлеңдерін жатқа оқу болды. Оған 2-9 сынып оқушылары түгел қатысып, ақынның шығармаларын нақышына келтіріп оқи алды.Кеш қорытындысында , Мұқағалидың әндерін Носкова А., Оянова М., Рахметхан Ә., Тлеубек А., Абузяров Н.орындады. Ал, жас маман А.Аблайханов пен 9- сынып оқушысы Сухамбай А. домбыра және гитараның сүйемелдеуімен «Құмған алған» әнін  айтты. 9- сынып оқушысы Айдынқызы Г. мен  8- сынып оқушысы Айдынқызы А.  қазақ  биін биледі.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru