Калабаева Алмагул Тураркызы » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Калабаева Алмагул Тураркызы
25
январь
2022

Калабаева Алмагул Тураркызы

 Калабаева Алмагул  Тураркызы  10.10.1971 ж Талдықорған облысы (Андреев )Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары, Педагогикалық өтілі –23 жыл

  1978 жылдан -1986 жылар аралығына Екпінді орта мектебінен  8-жылдықты бітіріп,1986 жылы Алматы облысы  (Панфилов қаласы) қазіргі Жаркент қаласындағы педогогикалық училищесінің   мектепке дейінгі тәрбие бөліміне оқуға түсіп, 1990 жылдың желтоқсанында бітірдім.Еңбек  жолымды   1991 жылдың қаңтар айынан «Балауса» балабақшасынан тәрбиеші болудан бастадым.

  1992 қараша -1999 тамыз аралығында декреттік демалыста болдым.

  1999 жылдың қыркүйек айынан Алакөл ауданы Қоңыр орта мектебіне  химия және биология пәні мұғалімі  болып жұмысқа орналастым.

   2002 жылдан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  химия және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түстім.

   2007  жылы   химия және биология  пәні мұғалімі мамандығы бойынша  сырттай бітірдім және аталған мектепте жұмыс атқардым.

  2007-2011 жыл аралығында  педогог-ұйымдастырушы,2011-2012 жылдар аралығында оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқардым.

  2013 жылдың желтоқсан айынан  Байзерек негізгі орта мектебіне отбасы жағдайымен жұмысқа ауысып келдім.

   2013-2020 жылдар аралығында бастауыш сыныптан сабақ бердім.

  2020-2021 оқу жылынан бастап директордың тәрбие жөніндегі орынбасары міндетін атқарудамын. Жалпы еңбек өтілім 23 жыл,аталған мектепте  9 жыл еңбек етіп келемін.

Тұрмыстамын,3 балам,4 немерем бар. 

Жетістіктерім :

Курстарым: 

1.2015 жылы – Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым. 

2.2019 жылы –ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде   «Химия» және «Жаратылыстану»пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру  бағдарламасына арналған курстан өттім. 

3.2020 .12.05   «ШЖМ біріктірілген сынып комплектілерінде  пәндерді оқыту әдістемесі» курсын оқыдым. 

А.Т.Калабаева  шығармашылықпен жұмыс жасау нәтижесінде мынандай нәтижелерге жеттім

     1. 2019 жылы 05.04 күні Алматы облыстық  білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ШЖМ жағдайында ЖМБ және ҚГБ  пәндерінен білім сапасын арттыру жолдары»тақырыбында Қарабұлақ орта мектебінде өткен аймақтық семинарда 7 сыныпта «Адам ағзасындағы химиялық элементтер»тақырыбында ашық сабақ  өткізілді.

  2.  Ақжар орта мектебінде «Жаратылыстану»пәндері сабақтарында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында 2019ж 15.03 күні өткен аудандық семинарда 7 сыныппен «Валенттілік.Химиялық формулалар. Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу» тақырыбында   ашық сабақ өткізілді.

3.Байзерек негізгі орта мектебінде 22.11.2019 күні «Жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуда оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен аудандық семинарда 7 сыныппен «Жапырақтың құрылысы мен қызметі»атты ашық  сабақ өткізілді.

Оқушы жетістігі мұғалімнің жемісі демекші

1. 2017-2018 оқу жылы аудандық пәндік олимпиада (биология) Маусымбек Данияр  ІІ орын,8 сынып. 

2.2017-2018  Республикалық «Ақбота»интеллектуалдық марафонында Маусымбек Данияр ІІІ орын,Сухомбай Керімжан ІІІ орын ,Тыныбаева Әдемі 3. 2018-2019 Республикалық «Ақбота»интеллектуалдық   ойыны Маусымбек Данияр І орын,Сухомбай Керімжан І орын,Чакержан Айнұр І орын,Закеш Ақжол ,Айтпай Ельдар,Қалидолда Ілияс І орын

4.2019-2020 Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық  марафоны Сухамбай АружанғЕржанқызы Назерке,Қалидолда Ілия

5.2017-2018 жыл «Парктер шеруі» Халықаралық табиғатты қорғау  акциясы.

Сухамбай Аружан І орын,Медведева Анжела ІІ орын,Носкова Аида ІІ орын.

6.2017-2018«Zhylandy open-2017» аймақтық математикалық сайыста үздік білім көрсеткені үшін. Сухамбай Аружан ,Айдынқызы ГүлсімІІІ дәрежелі диплом.

6. 2019-2020«Зерде» Ғылыми жоба жарысынан  Чакержан Ерсұлтан ІІІ орын 

7.2020-2021 оқу жылы 7-8 сыныптар арасында пәндік олимпиада химия пәнінен Сухамбай Аружан   ІІІ дәрежелі диплом  

8.2020-2021 оқу жылы Айқанат  республикалық байқауы Чакержан Аружан республикалық деңгей жеңімпазы. Қатысқаны үшін сертификат.

9.2021-2022 оқу жылы 5-6 сыныптар арасында пән олимпиадасы ІІІ дәрежелі диплом Жаратылыстану пәнінен Тлеубек Ақжол иеленді.





Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru