09
август
2022
Республикалық ''Мектепке жол'' акциясы
"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы. Құрметті Байзерек ауылының тұрғындары мен кәсіпкерлері!
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған Респуликалық "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз.
Акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке баруына мүмкіншілік, көмек көрсету (мектепке қажетті құрал- жабдықтар, мектеп формалары). Осыған орай "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Қайырымдылық қадірлі іс екенін ұмытпайық. Ең бастысы мейірімді жүрегің, таза ниетің болсын.
Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса, Байзерек негізгі орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калабаева Алмагүл Тұрарқызы тел: 87751779447 хабарласыңыздар.
Барлықтарыңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! Акцияға қатысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз!!!