“Білімім-Отаныма”
2024 жылдың мамыр айының 24-і күні Байзерек негізгі орта мектебінің 1- сынып оқушыларымен “Білімім-Отаныма” тақырыбында сынып жетекшісі Қ.М Оспанова тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты ҚР Гимнін орындаудан басталды. “Асық ату”, “Киіз үй” және “Сиқырлы сандық” әдістері арқылы оқушылар Отан, білім, мектеп жайлы қызықты тапсырмалар мен жұмыс жасады. Мақал-мәтелдер, тақпақтарды жатқа оқыды. Соңында 1-сыныпты сәтті аяқтағандары үшін барлық оқушылар марапатталады.