Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жұмыс » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жұмыс
31
май
2021

Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жұмыс

.  Ұлттық тәрбие Бағыты бойынша жұмыс. Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

«Туған өлкем – Қазақстан»   тақырыбында/1-4сынып/оқушылары арасында сурет байқауы өтілді.Байқау нәтижесі бойынша 1орынды 4сынып оқушысы ЧакержанАрай,2орынды 4-сынып оқушысы Бақтай Аружан мен 2сынып оқушысы Чакержан Нұржан иеленді.

«Сенің өміріңдегі ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтардың алатын орны қандай?»тақырыбы аясында әр сыныппен әңгіме жүргізіліп,пікірлері тыңдалды.

Ұлттық құндылықтар жобасы «Зергерлік – ұлттық өнер» /0-9сыныптар арасында/ көрме ұйымдастыру жоспарланды.













 «Киіз үй – асыл мұра»/8-сынып/ Виртуалды  көрме   жобасы 8 сынып оқушыларына тапсырылды,сынып оқушылары қазақ үйдің құрылысын алдымен өздері зерттеді.Қазақ үйдің  құрылысын  талдап,слайд   әзірлеу  үстінде.Жобалардың жұмысына қорытынды жасалғанда көрсетуге әзірлеу үстінде.Технология пәнінің мұғалімі  Н.А.Жанакулова «Еңбек түбі берек»тақырыбында көрме өткізді.

«Қазақтың ұлттық ойындары» /4-сыныпқа берілген жоба болды.Әр аптаның  бейсенбі күні  үзіліс арасында сынып жетекшісі Қ.Сакенова оқушыларға   ұлттық ойындардың түрлерімен «Асық ату», «Арқан тартыс»,«Қыз   қуу», «Көкпар»т.б  ойналу әдістерімен таныстырып, ойын ұйымдастырып өткізіп отырды. 

3сынып оқушыларымен "Тыйым сөздер»жобасымен жұмыс атқарылды.3сынып оқушыларына 10тыйым сөздер жаттауға берілді.Жаттаған тыйым сөздерді әр сыныпқа,мұғалімдерге кіріп таныстырып жүргізілді.Бұл жобаның мақсаты оқушыларды жаман нәрседен,іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.



Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru