"Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты" бағыты бойынша атқарылған жұмыстар » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты" бағыты бойынша атқарылған жұмыстар
24
январь
2022

"Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты" бағыты бойынша атқарылған жұмыстар

Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты.  Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
 Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиянкелтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық, әлеуметтік және рухани аулық туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. 

Мектеп ғимараты тиіптік емес, мектепте спорт зал жоқ, ауа райына қарай мектеп ауласында дайындалады, сонымен қатар интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып сабақтар жүргізіледі, ал қыс айларында қыстық эстафеталық ойындар мен қатар тек сынып ішінде шахмат, тоғызқұмалақ ойындары өткізілді. 

Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым саласындағы  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы   кешенді іс- шаралар жоспары бойынша   атқарылған жұмыстары туралы. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы ол ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады.  Сондықтан да, оны болдырмау, алдын- алу мақсатында   Байзерек негізгі орта мектебінде   көптеген іс – шаралар жоспарланып , жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  14 сәуірдегі  №234 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын  іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс- қимыл жөніндегі 2020-2021оқужылына арналған іс – шаралар жоспары» басшылыққа алынып, жұмыстар жүргізілді.

Мектепте «Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі» ілінген. «Сенім жәшігі» комиссия мүшелерінің қатысуымен уақытылы ашылып, талданып тұрады. Мектепте «Құқықтық оқыту» жоспары құрылып, айына 1   рет мектеп қызметкерлерімен бірлесіп, Заң нормаларына байланысты сабақтар өтеді.

Сынып жетекшілер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – азаматтық борыш», «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында   сынып сағаттарын өткізді. 5-9   сыныптар аралығында «Жемқорлық індет – жою міндет»  тақырыбында «Үздік қабырға газеті» сайысы ұйымдастырылды.8-9 сынып оқушыларына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты бейнебаян көрсетілді.

 




Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru