08
январь
2018
Қамқоршылық кеңесінің І жартыжылдықтағы есебі
Байзерек негізгі орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің І жартыжылдықтағы атқарған жұмыстары туралы
ЕСЕБІ
ЕСЕБІ
Байзерек негізгі орта мектебінің Аудандық бңлңм бөлімінің №565-ө бұйрығын, «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын негізге ала отырып, қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңесінің құрамына жеті адам кірді:
1. Акимбеков Жанабил Карбекович – жеке кәсіпкер
2. Жазылбеков Аскар Бигаметович– жеке кәсіпкер
3. Камбарова Анар ТолеуовнаЛепсі ауылдық округінің әкімшілігі
4. Ерденбеков Капан Садыкович–зейнеткер
5. Айтпаев Асан НабиевичБайзерек НОМ мұғалім
6. Суханов Марат Кемилович– «Суханова О.К.» дүкені
7. Кайранова Айсулу Баймолдановна– Байзерек НОМ кәсіподақ төрайымы
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Қ.С.Ерденбеков, хатшылығына А.Б.Кайранова сайланды. Кеңес отырысының жоспары жасалынып бекітілді. І жартыжылдықта екі отырыс өткізілді.
Жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі Ж.Акимбеков 75 балаға жаңа жылға арналған тәтті салынған қаптар берді.
Негізгі қамқоршылық кеңесінің көмегі мектептің материалдық-техникалық базасына көңіл бөлік отырғандықтан, жоспарланған жұмыстар сәуір-мамыр айларында атқарылмақ.