Құқықтық кеңес жұмысы » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
август
2021

Құқықтық кеңес жұмысы

Құқықтық кеңес жұмысы мектеп директорының № 1 бұйрығы негізінде «Байзерек негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру кеңесі құрылды. Құқық кеңестің құрамы төмендегідей бекітілді:
Құқық кеңесінің төрағасы – С.А.Канапинамектеп директоры.
1. Кеңес төрағасының орынбасары – А.Т.Калабаева дто
2. Хатшы – А.Еркінбекқызы
3. Мүшелері: С.Мендыбаева– құқық пәнінің мұғалімі.
К.Кайранова –орыс тілі пәнінің мұғалімі.
Кеңес мүшелері оқу жылы ішінде 4 рет отырыс өткізеді. Оқу жылының басында кеңестің жылдық жұмыс жоспары,кеңестің отырысының жоспары құрылып,бекіттірілген. Жоспарда жыл ішінде жасалатын жұмыстар өз ретімен, жауапты тұлғаларға бөлінген, жоспармен үнемі жүріп жатады. Атап айтар болсақ,Құқық кеңесінің І-отырысы қыркүйек айында 2020-2021 оқу жылына кеңес жоспарын бекітті; Құқық кеңесінің ІІ-отырысы қазан айында Құқық айлығына байланысты іс-шаралар белгіленіп, жоспар құрылды, айлық барысында барлық 1-9 сыныптарда «Өз құқығыңды білесің бе?» атты тәрбие сағаттары өтті. Айлық кезінде мұғалімдер апта сайын оқушылардың қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауын қадағалау рейдін өткізді.
Кітапханада құқықтық әдебиеттерден бұрыш ұйымдастырылды. 8-9 сыныптар арасында «Өз құқыңды білесің бе?» сауалнамасы жүргізілді. Тарих және құқық пәнінің мұғаліміС.Мендыбаева мұғалімдер және оқушылар арасында құқықтық оқулар өткізді.1-9 сыныптар үшін ҚР Заңына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқықтық кеңес мүшелері мен жоғарғы сынып жетекшілері лекциялар өткізді. Құқық тақырыбында 5-9 сыныптар арасында қабырға газеттерінің байқаулары ұйымдастырылып отырды. Үнемі мектеп мұғалімдерінен құрылған ерікті жасақшылар тобының мүшелері кесте бойынша тәртіп рейдтеріне шығып тұрады.Құқық кеңесінің ІІІ-отырысы ІІ жартыжылдыққа арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, сыныптардағы құқықтық тәрбиенің жүру барысын тексеру алға қойылды.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru