«Құқықтық білім беру» мектебінің жұмысы туралы
«Құқықтық білім беру» мектебінің жоспары бойынша іс-шаралар атқарылды. Оқушылар арасында ҚР - ның рәміздерін насихаттау жұмысы жүрді. Рәміздер айлығында түрлі іс-шаралар мен ашық тәрбие сағаттары өтті. Ата - аналар арасында, жалпы ата-ана жиналысында ҚР - ның Рәміздері, Гимні туралы таныстыру жұмыстары жүрді.
Мектеп қызметкерлерінің арасында ҚР - ның «Білім туралы Заңы», ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына жолдауымен таныстыру жұмыстары жүріп отырды.
Қазан айында «Құқықтық білім беру» мектебінің жоспары бойынша іс-шаралар атқарылды. Оқушылар арасында «Қазақстан - Президенттік мемлекет»,«ҚР-ның Президенті және оның құзыры» жайында түсіндіру жұмыстары жүрді. Құқық айлығында ашық тәрбие сағаттары өтті.
Ата – аналар арасында ата – ана жиналысында ҚР-ның «Бала құқықтары туралы Конвенция» Заңымен таныстыру жұмыстары жүрді.
Мектеп қызметкерлерінің арасында ҚР-ның «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасының мақсаты мен жоспарын таныстыру жұмыстары жүріп отырды.
Қараша айында «Құқықтық білім беру» мектебінің жоспары бойынша іс-шаралар атқарылды.
Ата-аналар арсында ата-ана жиналысында Бала және отбасы туралы Заңының 4 - бөлімімен таныстыру жұмыстары жүрді.
Желтоқсан айында мектеп қызметкерлерінің арасында ҚР-ның "Еңбек Заңын»таныстыру жұмыстары жүріп отырды.
Желтоқсан айында «Құқықтық білім беру» мектебінің жоспары бойынша іс-шаралар атқарылды.
Мамыр айында ата-ана жиналысында «Неке және отбасы» Заңымен таныстыру жұмыстары жүрді.