Тәртіпсіздіктің алдын алу онкүндігі » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәртіпсіздіктің алдын алу онкүндігі
22
январь
2022

Тәртіпсіздіктің алдын алу онкүндігі

Тәртіпсіздіктің алдын алу онкүндігі. Аудандық білім бөлімінің №55-ө 10,02.2021ж бұйрығына сәйкес 15-25 ақпан аралығында «Тәртіпсіздіктің алдын-алуға» байланысты онкүндігі өткізілді. Іс-шара жоспары ауданның жоспары негізінде онкүндіктің іс-шара жоспары жасалып, бекітілді.
«Тәртіп-қоғам тыныштығының кепілі»тақырыбында сынып жетекшілер тарапына сынып сағаттары өткізілді.
1-4-сыныптар арасында „Тәртіпсіздік және біз“ тақырыбында,5-8-сыныптар арасында „Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы“ тақырыбынды және 9-сыныпта „Тәртіпсіздіктің алдын алу“ тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: қоғамның заңдары мен нормаларын біліп, оны құрметтеуге, өзгенің құқығын бұзбауға, проблемалық жағдайдан құқық бұзбай шығуға тәрбиелеу. Мектепте онкүндік барысында 5-6-сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілді. Дөңгелек үстелге оқушылар топтарға бөлінді және 3 кезеңде өткізілді.
І кезең «Пара беру болашақты улау» тақырыбында әрбір топтар таныстырылым жасады.
ІІ кезең «Жемқорлықсыз қоғам құруға бола ма?» тақырыбында кішігірім пікір – талас жүргізілді.
ІІІ кезең «Менің міндеттерім мен құқықтарым» тақырыбында сұрақ-жауап өткізілді. Әрбір сыныптарға «Заң зердесі» тақырыбында қабырға газеттерін шығару ұсынылды. Оқушылар өздерінің еріктерімен тақырыпқа байланысты шығармашылықтарын таныта отырып, қабырға газетін шығарды. Негізінде үздік деген жұмыс анықталып, 5-сынып оқушылары І орын иеленді.
Мектеп психологі Асем Серикпаева тарапынан Девиантты мінез құлық белгілері бар оқушылармен тренинг өткізу(есепте тұрған оқушылармен) «Мінез-құлық ережелері» тренингі өткізілді. Әрбір бала бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның өзіндік ерекшелігі мен мінезін қабылдауды жүргізілген тренингтер арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар проблемалық жағдайлар беріліп сол жағдайдан шығудың жолдары түсіндірілді. Тренингтің зиялы қоғамға оқушыларды тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
«Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері» бойынша 7-9-сыныптар арасында конференцияжоспарланды,бірақ өткізілмеді.
Оқушыларға, мектеп кезіндегі оқушылардың өзара қарым-қатынастары мен тұрмыс жағдайы бақыланды,мәлімет жинау жұмыстары жүргізілді. Соның негізінде оқушылар арасында құқық бұзушылыққа ешқандай жағдайлар әсер етпегені талқыланды.
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru