Қамқоршылық кеңесінің отырыстарының хаттамасы » Страница 3 » Байзерек негізгі мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Байзерек негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 3-17-10
Есепші бөлімі:
+7(72859) 3-17-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің отырыстарының хаттамасы
08
январь
2018

Қамқоршылық кеңесінің отырыстарының хаттамасы

[center]Хаттама № 1
Қамқоршылық кеңестің отырысы
Байзерек негізгі орта мектебі[/center]

Өткізілген уақыты: 23.09.2017 жыл
Қатысқандар: Мектеп директоры – Канапина С.А.
Акимбеков Жанабил Карбекович
Жазылбеков Аскар Бигаметович
Камбарова Анар Толеуовна
Ерденбеков Капан Садыкович
Айтпаев Асан Набиевич
Суханов Марат Кемилович
Кайранова Айсулу Баймолдановна
Қатыспағандар: Жоқ
[center]Күн тәртібі:[/center]
1.	Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысының «Қамқоршылық кеңесін құру туралы» №505-ө бұйрығымен және қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру;
2.	Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлау;
3.	2017-2018 оқу жылына отырыстардың жылдық жоспарын бекіту

[center]Тыңдалды:[/center]
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.Канапина сөз алды. Өз сөзінде Алакөл аудандық білім бөлімінің №505-ө бұйрығымен таныстырып өтті. Онда барлық білім «Қамқоршылық кеңес» құрылу керек екендігін айтты, сонымен қатар қамқоршылық кеңесін сайлау тәртібіміз үлгілік қағидасы жіберіліп отырғанын және де сонымен таныстырып өтетінін айтты: 5 тарауды толығымен оқып таныстырды. Енді осы ережеге сәйкес, қамқоршылық кеңесінің мүшелерін өздері сайлап, ары қарай жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілетіндіктерін айтып өтті. 
Екінші мәселе бойынша кәсіподақ төрайымы сөз алды. А.Кайранова 2017 жылғы 23 қыркүйектегі мектеп директорының №125 бұйрығымен кеңес құрылғандығын және оған отырған 7 адам:
1.	Акимбеков Жанабил Карбекович – жеке кәсіпкер
2.	Жазылбеков Аскар Бигаметович– жеке кәсіпкер
3.	Камбарова Анар Толеуовна–Лепсі ауылдық округінің әкімшілігі
4.	Ерденбеков Капан Садыкович–зейнеткер
5.	Айтпаев Асан Набиевич–Байзерек НОМ мұғалім
6.	Суханов Марат Кемилович– «Суханова О.К.» дүкені
7.	Кайранова Айсулу Баймолдановна–Байзерек НОМ кәсіподақ төрайымы мүшелікке кіретіндіктерін айтты.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және хатшысы болу керектігін айтып және сайлау жүргізуді ұсынды.
Айтылған ұсыныс бойынша кеңес мүшелері өз ойларын айта қтырып, бірауыздан, төраға Ерденбеков Қапан Садыкович болғаны дұрыс деп, ал хатшылыққа Кайранова Айсулу Баймолдановна болғаны дұрыс деп шешті. Себебі, қалған мүшелер үнемі ауылда бола алмайтындықтарын айтты. 
[center]Шешімі:[/center]
1.	Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Ерденбеков Қапан Садыкович сайлансын;
2.	Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып Кайранова Айсулу Баймолдановна сайлансын;
3.	Қамқоршылық кеңесінің мүшелері болып төмендегі адамдар сайлансын:
1)	Акимбеков Жанабил Карбекович – жеке кәсіпкер
2)	Жазылбеков Аскар Бигаметович– жеке кәсіпкер
3)	Камбарова Анар ТолеуовнаЛепсі ауылдық округінің әкімшілігі
4)	Айтпаев Асан НабиевичБайзерек НОМ мұғалім
5)	Суханов Марат Кемилович– «Суханова О.К.» дүкені
Үшінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Қ.Ерденбеков  сөз алды. Кеңес болғандықтан, тоқсанына 1 рет отырыс өткізуіміз керек екен және сол отырыста қаралатын мәселелерді жоспарлап алуды ұсынды.
Алдынан сөзді хатшы, кәсіподақ төрайымы А.Кайранова сұрап алды. Былтырғы оқу жылында қамқоршылық кеңесі құрылса да, ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлер  мектепке жақсы демеушілік көмек көрсетті: жеке кәсіпкер Акимбеков Жанабил Карбекович мектепке темір есік ауыстырып, 89 балаға жаңа жылдық сыйлық жасады. Мектеп шеберханасының шатырын ауыстырып, жөндеуге Жазылбеков Аскар Бигаметович, Джумабеков Малик, Айтпаев Асан, Ерденбеков Қапан, Ибапов Алибек азаматтар көмек берді. 
Биылғы жылда да мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге көмек қажет екенін атап өтті: 
1)	Жылу жүйесінде сыныптардағы жылу батареяларды, пешті ауыстыру, батарея қосу керек дәлізге;
2)	Мектепке акт залын салуды қолға алу қажеттігі туындап тұр, себебі іс-шара өткізіп жүрген шеберханада тоқығы жетіп тұр, сонымен қоса тар.
Осындай мәселелерге де, көңіл бөлсеңіздер деп сөзін аяқтады.
Келесі сөзді, жеке кәсіпкер Ж.Акимбеков биыл да барлық 0-16 жастағы балаларға жаңа жылдық тәттілер салынған қаптар беретінін айтты. 
Барлық кеңес мүшелері ақылдаса келіп, жылдық жоспар құрды:
ІІ отырыс – Наурыз айында қаралатын мәселелер:
1.	Өткен қамқоршылық кезеңінде алынған шешімдердің орындалуы;
2.	Жазғы ағымды жөндеу жұмыстарына қосар үлесіміз;
3.	Көмек қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсету.
ІІІ отырыс – Мамыр айында қаралатын мәселелер:
1.	Өткен қамқоршылық кезеңінде алынған шешімдердің орындалуы;
2.	Акт залын салуға демеушілер қатарын көбейте отырып, құрылыс бастау;
3.	Жылдық қорытынды







[center]
Хаттама №2
Қамқоршылық кеңестің отырысы
Байзерек негізгі орта мектебі[/center]

Өткізілген уақыты: 25.12.2017 жыл
Қатысқандар: 4                                 Мектеп директоры – Канапина С.А.
Ерденбеков Капан Садыкович
Айтпаев Асан Набиевич
Суханов Марат Кемилович
Кайранова Айсулу Баймолдановна
Қатыспағандар: 3                             Акимбеков Жанабил Карбекович,
Жазылбеков Аскар Бигаметович
Камбарова Анар Толеуовна

[center]Күн тәртібінде[/center]
1.	Өткен қамқоршылық кеңесінде алынған шешімдердің орындалуы;
2.	І жартыжылдықта істеген жұмыстарға есеп
[center]
Тыңдалды:[/center]
Бірінші мәселе бойынша хатшы А.Кайранова сөз алды. І жартыжылдықта аса көп жұмыс жоспарланбаған болатын, себебі біздің көмегіміз көктем-жаз айларында қажет екендігі туралы айтты. Сонымен қатар осы жартыжылдықта ыңғайы келмей, ІІ жартыжылдықта мектеп оқушыларына музыкалық аппаратура алып беретінін Қ.Ерденбеков пен Ж.Акимбеков 75 балаға жаңа жылдық сыйлық алып беретінін айтқанын жеткізді. 
[center]Шешім:[/center]
1.	І жартыжылдықта атқарылған істер қанағаттанарлық деп танылсын. 
[center]
Кеңес төрағасы                  Қ.Ерденбеков
Хатшы               А.Кайранова[/center]






Назад 1 2 3 Вперед
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Байзерек ауылы Ж.Жабаев көшесі, 20 үй

Жетысуская область, Алакольский район, село Байзерек, улица Ж.Жабаева 20
©2016-2022, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Байзерек негізгі орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru