Қамқоршылық кеңес құжаттары
Бекітемін
мектеп басшысы
------------------С.А.Канапина
Байзерек негізгі орта мектебі бойынша
Қамқоршылық кеңесінің жылдық
ЖОСПАРЫ
2022-2023 оқу жылы
№ | Атқарылатын іс-шара | Мерзімі | Жауаты |
1 | Қамқорлық кеңесінің жоспарын бекіту. Нормативтік құжаттармен танысу, негізгі бағыттарды анықтау | Қыркүйек | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
2 | Қамқоршылық кеңесінің отырыстарын өткізу | Жыл бойы | Кеңес төрағасы |
3 | Мектепішілік барлық саладағы іс-шараларға қатысу (оқу үрдісі, тәрбие, құқық, әлеуметтік, психологиялық және мәдени іс-шаралар) | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
4 | Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге демеушілерді тарту. | Жыл бойы | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
5 | Жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің бірлескен жұмысы. | Жыл бойы | Кеңес төрағасы Ата-ана кеңесі |
6 | Мектеп оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету. «Мектепке жол», «Қамқорлық» т.с.с. қайырымдылық акцияларын өткізуге ат салысу | Қазан қаңтар | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
7 | Психологиялық көмек – білім сапасын көтерудің алғы шарты (оқушылармен барлық психологиялық бағыттарда жұмыс жасау барысына қатысу). | Қараша Қаңтар Сәуір | Кеңес мүшелері, психолог |
8 | Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету | Мамыр | Қамқоршылық кеңесінің мүшелері |
9 | Мектептің есеп беру жиналысына қатысу | Тоқсан сайын | Кеңес төрағасы |
10 | Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі. | Кеңес төрағасы |
Дайындаған:
Хатшы А.Т.Калабаева
Тел:87771230984
Бекітемін
мектеп басшысы
------------------С.А.Канапина
Қамқоршылық кеңесі отырысының жоспары
2022-2023 оқу жылы
№ | Орындалатын жұмыстар | Мерзімі | Жауапты |
І-отырыс | |||
1 | Қамқоршылық кеңес төрайымын сайлау және кеңес мүшелері құрамын қайта бекіту туралы. Кеңес мүшелерінің міндеттерін тағайындау(төрайымы,орынбасары,жауапты хатшы) | қыркүйек | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі | Мектеп директоры | |
3 | Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы | Қамқоршылық кеңес мүшелері | |
ІІ-отырыс | |||
1 | Дарынды балаларды қолдау мақсатында атқарылатын жұмыстарментанысу,талқылау | желтоқсан | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Дарынды балаларды қолдау және тұрмысы төмен,аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету (жаңа жыл мерекесінде сыйлықтар беру) мақсатында іс-шара ұйымдастыру | ||
ІІІ-отырыс | |||
1 | Білім сапасын жақсарту мақсатында оқыту үрдісінің барысымен танысу | наурыз | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Наурыз мерекесін ұйымдастыру | Мектеп әкімшілігі | |
3 | Оқу материалдық базасының сақталуы және үнемі толтыруын қамтамасыз ету | Кеңес төрағасы | |
ІҮ-отырыс | |||
1 | Оқу жылының аяқталуын қамтамасыз ету шаралары(салтанатты жиын,емтихандар, мектеп бітіру кештері | мамыр | Қамқоршылық кеңес мүшелері |
2 | Түрлі санаттағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері | Қамқоршылық кеңес мүшелері | |
3 | «Қамқоршылық кеңесінің « жылдық есебіне талдау және енгізілген өзгертулер | Қамқоршылық кеңес мүшелері | |
Қамқоршылық кеңес
№1 отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген уақыты: 02.09.2022ж Байзерек ауылы
Қатысқандар: қамқоршылық кеңестің 9 мүшесі
Күн тәртібінде:
- Қамқоршылық кеңес төрайымын сайлау және кеңес мүшелері құрамын бекіту туралы. Кеңес мүшелерінің міндеттерін тағайындау (төрайымы, орынбасары)
- Мектептің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есебі(мектеп директоры)
3.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес төрағасы Ж.Тунгатаров сөз алып, жұмысына байланысты қамқоршылық кеңес мүшелеріне таныстырды. Қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, қарсы еместіктерін білдіріп, өз келісімдерін берді.
2022 жылғы қыркүйек айынан бастап кеңес төрайымын, мүшелерін қайта сайлау жұмыстарының шешімі бойынша төмендегі мүшелер ұсынылды.
№ | Аты-жөні | Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қызметі | Негізгі атқаратын жұмысы |
1 | Тунгатаров Ж | Төрағасы | Зейнеткер,жеке шаруа |
2 | Аубакирова Алия | Орынбасары | Жеке шаруа |
3 | Тыныбаев Бекет | Мүшесі | Жеке шаруа |
4 | Нысанов Бақытбек | Мүшесі | Жеке шаруа |
5 | Айтпаев Наби | Мүшесі | Зейнеткер,жеке шаруа |
6 | Сатыбалдинов Хамит | Мүшесі | Зейнеткер,жеке шаруа |
7 | Жанакулов Мұрат | Мүшесі | Зейнеткер |
8 | Сухамбаев Серік | Мүшесі | Бақташы |
9 | Калабаева Алмагул Тураркызы | Хатшысы | Тәрбие жөніндегі орынбасар |
Екінші мәселе бойынша мектеп директоры С.А.Канапина 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы және бюджеттен бөлінген материалдық-техникалық база жөнінде есеп берді.
Ол өз сөзінде, өткен оқу жылындағы ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктеріне,мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамына жете тоқталып өтті. Сонымен қатар, мектептіңматериалдық базасына білім бөлімінен берілген заттарды кесте түрінде көрсетіп, 2022 жылға арналған ЖБББ қорынан бөлінген қаржымен таныстырып өтті.ЖБББ қорынан биылғы оқу жылында 12 оқушы киіндірілгенін .Жаз айында «Балалар жылына»орай мектебімізден 8оқушы «Шағала» сауықтыру лагеріне демалып қайтты.Сонымен қатар,«Мектепке жол»Қайырымдылық акциясы кезінде 4-5 оқушыға мектеп мұғалімдері демеушілік көрсетіп 250 мың теңгеге қаржылай көмек көрсетілгенін атап өтті.Мектеп директоры С.А.Канапина оқу жылы ішінде оқушылардың,ұстаздардың мектептің мәртебесін көтеру мақсатында конкурстар мен сайыстардан жүлделі орындар алып 2021 -2022 оқу жылында біраз жетістіктерге жеткен оқушылар мен мұғалімдерді атап айтты.
Үшінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес хатшысы 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарымен және отырыс жоспарымен таныстырды. Кеңес мүшелері бірауыздан келісімдерін берді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе кеңес мүшелері келесідей шешім қабылдайды.
Шешім:
І. 1)2022-2023 оқу жылында мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Тунгатаровжәне төрағаның орынбасары А.Аубакироваболып бекітілсін.
1.Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бұдан ары қарай өткізу мен ұйымдастыру кеңес төрағасыЖ.Тунгатаровқа жүктелінсін.
ІІ. Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмысының есебі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.
ІІІ. 1) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
2) Қамқоршылық кеңес 2022-2023 оқу жылына құралған жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын қадағалау мен бақылау кеңес мүшелері мен кеңес төрағасына жүктелінсін.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ж.Тунгатаров
Хатшы: А.Т.Калабаева